Tele2-де сынақ мерзімін өткізу!

tele2_shutterstock_663px.jpg

Осы жылы біз жас мамандарды тағылымдамадан өткізу бағдарламасы бойынша «Tele2-дегі тағылымдама!» жобасын қайта жалғастырамыз!

Барлық студенттер белгілі бір өлшемдер бойынша бірнеше кезеңдерден өтеді: үздік академиялық үлгерімі, ағылшын тілін білу және т.б.

Тағылымдаманың ұзақтығы 3 ай:маусым-тамыз 2016 ж. Тағылымдама аяқталғанда біз үшдік студенттерді бос жұмыс орындарына жұмысқа орналастыра аламыз.

Бағдарламаға келесі бөлімдер қатысады:

  • Техникалық дирекция
  • Ақпаратты технологиялар дирекциясы
  • Қаржы дирекция (есеп және аудит)
  • Заң департаменті (ресмилендіру бөлімі)
  • Сату және аймақтық даму дирекциясы
  • Қызметкерлермен жұмыс және ұйымдық даму дирекциясы
Вера Хлопова, Tele2 Қазақстанның HR-директоры:

«Tele2 компаниясындағы тағылымдама – бұл болашақ мамандарға өз күштерін сынай білу, бағалы практикалық тәжірибе алып, ірі еуропалық телекоммуникациялық компанияға жұмысқа кіру мүмкіндігін береді. Біз өзіміздің демократиялық ахуалымызды және еуропалық тәсілде жұмысты ұйымдастыруымызды мақтан етеміз. Tele2-де жайдарылық ахуалы үстем, оны көптеген жайттардан байқауға болады, мысалы, Сіздің басшыңыз Сіз сияқты сол open space кеңседе жұмыс істейді және Сіз оған әрқашан сұрақ қойып, кеңесін ала аласыз. Компанияда ынтагерлік пен дербестік марапатталады, сондақтан егер Сіз өз жауаптылық аймағыңызда дамып, шешім қабылдай білу мүмкіндігін іздеп жүрсеңіз, онда Tele2- ең үздік таңдау. Tele2 –нің басты ұраны – бұл тиімділік, сондықтан біз максималды нәтижеде жұмыс істеуге қабілетті жұлдыздарды іздеудемізт».

Егер Сіз «Tele2» Компаниясында тағылымдамадан өткіңіз келсе, 2016 жылдың 30 сәуіріне дейін түйіндемеңізді электрондық мекенжайына жіберіңіз.