Детализация

Сенің шотыңнан қызметтер үшін қаражаттардың қайда кеткенін детализация арқылы білуге болады.

Детализация – белгілі бір кезең үшін алынған ұялы байланыс қызметінің тізімі, бұл құжвт шоттың сомасын құрайтын сөйлесулерді ажырату болып табылады.


«Детализация» қызметін бағалаңыз

Өзің үшін детализацияны алудың ең ыңғайлы тәсілін таңда:


1. Жеке кабинетте:

Кез келген уақытта Жеке кабинетте Сіз келесілерді жасай аласыз:

  • Соңғы 125 күнгі қоңыраулар детализациясын өз бетіңше қарап шыға аласың
  • Ақпарат тарауындағы– «Соңғы қоңыраулардан» керекті кезеңнің детализациясын таңдап алып,
    PDF форматында электрондық поштаға сөйлесулердің детализациясына тапсырыс бере аласың.

Жеке кабинетті пайдалану үшін қызмет көрсету қосымшасының парольін алу керек.

Ол үшін онлайн кабинетте тіркеліп, белгілі бір ыңғайлы тәсілмен парольді алу керек:

  1. Оны SMS түрінде алу
  2. Оны электрондық пошта арқылы алу ( егер сіз e-mail-ды абонентті тіркеу формасында көрсетілсе)
  3. Tele2 сауда кеңсесінде парольді орнатуға өтініш толтыру арқылы
  4. Біздің электрондық мекенжайға өтінішті толтырып жіберу арқылы.

Назарларыңызға! Парольдің түсу уақыты - 30 минут. Егер БҚЕ парольі 30 минут өткен соң түспесе, 611 нөмірі бойынша анықтамалық-ақпарат орталығына хабарласыңыз.

Ақпарат- «Соңғы қоңыраулар» тарауына кіру үшін Сіз дербес шоттың парольін алуыңыз керек. Ол үшін келесілерді орындауыңыз керек: сауда кеңсесінде өтініш толтырыңыз немесе толтырылған өтініш пен жеке куәліктің көшірмесін 8-727-355-95-96 факсіне немесе –ға жіберіңіз.

Маңызды! Қызмет көрсету қосымшасының парольі мен дербес шоттың парольі тек тіркелген нөмірлерге беріледі.

2. Сіз e-mail немесе пошталық мекенжайға «Шоттың детализациясы» мерзімдік қызметін жаза аласыз.

Мұны Tele2 байланыс Салонында жеке басыңызды куәландыратын құжатты көрсетіп, типтік өтінішті толтыру арқылы жасай аласыз және электрондық поштасына өтініш жасай аласыз.

3. Tele2 байланыс салонында:

Кез келген Tele2 байланыс салонына хабарласу керек, өзіңізбен бірге келесілерді ала келіңіз:

Жеке тұлғалар үшін:

  • Жеке басын куәландыратын құжат
  • Белгіленген үлгідегі өтініш (Tele2 маманы береді)

Заңды тұлғалар үшін:

  • Детализация кезеғңі көрсетілген және шоттың детализациясын алуға сенім білдірілген тұлға көрсетілген, соынмен қатар басшының қолымен және ұйымның мөрімен расталған фирмалық бланктегі хат;
  • Сенім білдірілген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасы.

Детализацияны Tele2 байланыс салонынан жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін алуға болады.

 

 

Қызметтің құны:
Ағымдағы есеп кезеңі шотының детализациясы - 0 тг.
Өткен кезең үшін – айына 200 тг/ Берудің барынша көп кезеңі – 2 жыл(егер осы уақыт ішінде нөмір Сіздің атыңызға тіркелген болса). Е-mail арқылы детализацияны алу құны - 0 тг.
Курьер арқылы детализацияны жеткізу құны – тәулігіне 7 тг

 

Назар аударыңыздар! Детализация тек тіркелген нөмірлерге және Абоненттің қатысуы кезінде ғана беріледі. Егер нөмірдің иесі келе алмаса, онда алушыда детализацияны алуға нотариалды куәландырылған сенімхат пен жеке басын куәландыратын құжаты болуы керек. Қоңыраулар детализациясы факс арқылы ұсынылмайды.