Сенімді төлем

Кредитке қоңырау шал

Егер телефоныңның теңгерімі нөлге жақындап, ал шотты толтыруға мүмкіндік болмаса, «Сенімді төлем» қызметінің көмегімен төлем жасап, тілдесуді жалғастыруыға болады.


«Сенімді төлем 100 теңге» қызметі

*141*1*1# - қосылуға арналған пәрмен
*141*1*0# - қызмет туралы ақпарат алу


Қосылу құны - 20 теңге.


Қызметті ұсыну шарттары:

  1. Ұсынылған қызмет аясындағы қарыз қаражаты - 100 теңгені құрайды.
  2. Алынған қаражат – осындай қаражат ұсынылған сәттен бастап 3 күнге (72 сағатқа) жарамды болады, аталған кезең өткеннен кейін пайдаланылмаған қаражат жойылады.

Бұл қызмет – өз нөмірін қызметке сұрау салған сәтке дейін кемінде 60 күнтізбелік күн бұрын белсенді еткен алдын-ала төлеу жүйесіндегі барлық абоненттер үшін қолжетімді.


«Сенімді төлем 200 теңге» қызметі

Мәзір, қызметті пайдалану үшін: *141*2#
Қызметке қосылу үшін бас мәзірде - 1 таңдаңыз
Қызмет туралы ақпарат алу үшін бас мәзірде - 0 таңдаңыз


Қосылу құны - 35 теңге.


Қызметті ұсыну шарттары:

  1. Алынған қаражат – осындай қаражат ұсынылған сәттен бастап 3 күнге (72 сағатқа) жарамды болады, аталған кезең өткеннен кейін пайдаланылмаған қаражат жойылады.
  2. Бұл қызмет – өз нөмірін қызметке сұрау салған сәтке дейін кемінде 180 күнтізбелік күн бұрын белсенді еткен алдын-ала төлеу жүйесіндегі барлық абоненттер үшін қолжетімді.

Бұл қызмет – өз нөмірін қызметке сұрау салған сәтке дейін кемінде 180 күнтізбелік күн бұрын белсенді еткен алдын-ала төлеу жүйесіндегі барлық абоненттер үшін қолжетімді.


«Сенімді төлем»: қызметінің толық шарттары

  1. Бұл қызметке қосыла отырып, сен мынамен келісесің: қызметтің қолданылу мерзімі өткен соң қарыз қаражаты, сондай-ақ қызметке қосылу құны сенің нөміріңнің негізгі теңгерімінен шығынға жазылады. Мысалы, «Сенімді төлем 100 теңге» қызметін пайдаланған жағдайда, теңгерімді толтырған кезде негізгі шоттан 120 теңге шығынға жазылады, мұндағы 100 теңге – қарыз сомасы, ал 20 теңге – қызметке қосылу құны.
  2. Қызметті пайдалану үшін абоненттің теңгерімі сенімді төлем сұралған күннен бастап соңғы 30 күн ішінде кем дегенде 1 рет толтырылуы керек және «Мобильді аударым» қызметі шотынан, сонымен қатар алғашқы теңгерім мен басқа да қаржылық түзетулерден алынған қаражаттар оған кірмейді.
  3. Сенімді төлем *111# пәрменін терген кезде қолданылу мерзімінің көрсетілуімен негізгі теңгерім түрінде көрсетіледі.
  4. Барлық тарифтер ҚҚС-пен бірге көрсетілген.
  5. Теңгерімің 0 теңге немесе одан да жоғары болған жағдайда ғана бұл қызметке қол жеткізе аласың.
  6. Егер сен «Сенімді төлем» қызметін бұрын пайдаланып қойған болсаң, келесі жолы бұл қызмет – алдыңғы қызмет үшін негізгі шоттағы берешек өтелгеннен кейін ғана қолжетімді болады.
  7. Егер сен алдын-ала төлеу жүйесінде болып, «Сенімді төлем» қызметі шеңберінде берешегің бар болған жағдайда және 30 күн өткеннен кейін берешекті өтемейтін болсаң, сенің нөмірің бұғатталады.
  8. Бұл қызмет – сенің нөмірің Белсенді күйде тұрған кезде қосылу үшін қолжетімді болады.