Компания туралы

 

Tele2 – клиенттердің сұранысына ие болған сервистерді оларға азырақ ақшаға ұсынатын, аса жылдам өсіп отырған еуропалық байланыс операторларының бірі. Біз әлемнің 9 елінде 14 миллион абонентке қызмет көрсетеміз. Tele2 мобильді байланыс, тиянақталған кең жолақты байланыс және телефония қызмметтерін, деректерді беру, кабельдік телевизия қызметтерін, M2M/IoT шешімдерін және контент-қызметтерді ұсынады. Ян Стенбек 1993 жылы Компанияның негізін қалаған сәттен бастап, Tele2 бұрынғы мемлекеттік монополиялар мен басқа да провайдерлер құрған монополияларға әрдайым үндеу тастап келеді.

Tele2 тарихы 1970-ші жылдары Швецияда басталды. Kinnevik компаниясының негізін қалаушысының ұлы Ян Стенбек телекоммуникациялық бағытты дамыта бастады. Ол осы нарықтағы аса ірі компанияларға үндеу тастай алатын жалпыеуропалық операторды құрғысы келді. IKEA жиһаз шығарушыларының идеяларынан шабыт ала отырып, Ян Стенбек компанияның осы күнге дейін ұстанып отырған келесідей негізгі қағидаттарын қалыптастырды: «Жоғары сападағы байланыс қызметтері қол жетімді бағамен».

Алғашқы Tele2 ұялы байланыс желісі 1992 жылы Швецияда іске қосылды. 1997 жылдан бастап 2004 жылға дейінгі кезең Еуропада бизнесті толық ауқымды өрістету кезеңі болды. Компания Норвегияда, Эстонияда, Литвада, Германияда, Австрияда, Люксембургте, Швейцарияда, Голландияда, Латвияда, Ресейде, Испанияда, Португалияда, Ұлыбританияда және бірқатар басқа елдерде өз желілерін іске қосты. Көптеген елдерде Tele2 операторының келуі – бағалардың түсуіне және халықтың қалың топтары үшін осындай қызметтердің барынша қол жетімді болуына жағдай жасай отырып, іс жүзінде байланыс қызметтері нарығында бәсекелі ортаны қалыптастырды. 2010 жылы компания алғашқылардың бірі болып Швецияда төртінші буын байланысы желісін (LTE) іске қосты.

Tele2 Қазақстан Республикасында жергілікті байланыс операторын сатып алу жөніндегі мәмілені жасай отырып, 2010 жылы пайда болды. Компанияны Tele2 бизнес тобына ықпалдандыру, жабдықтарды заманауи жабдықтармен толық алмастыру, өнім қоржыны мен маркетингілік платформаны жаңарту жұмыстары аяқталғаннан кейін, Қазақстан тұрғындарының арасында дүрлікпе тудыра отырып желі Tele2 брендімен жұмыс істей бастайды. Жаңа брендтің негізгі артықшылықтары – байланыстың жақсы сапасы және іс жүзінде төмен бағалар болды. 2016 жылдың наурыз айында Tele2 өз бизнесін «Қазақтелеком» АҚ-ның мобильді бөлімшесі болып табылатын Altel операторымен біріктіре отырып, абоненттер базасын 5,4 млн. адамға дейін жеткізді, базалық станциялардың санын 7 мың данаға дейін арттырды және еліміздің бүкіл аумағында 4G стандартын енгізді. Жоғары жылдамдықты интернет қызметі – халқының жалпы саны 11 млн. адамды құрайтын 680-ге жуық елді мекенде ұсынылады және еліміздің 65%-дан астам аумағын қамтиды. Осылайша, Tele2 операторы Altel компаниясынан кейін LTE желісін ұлттық ауқымда өрістеткен екінші қазақстандық оператор болды.

Сілтемелер:
Kinnevik тобы – www.kinnevik.se/en
Tele2 тобы – www.tele2.com