Жаңа абоненттерге

Теңгерімді, тарифті, нөмірді, тіркеуді, маңыздының бәрін тексеру

Новым абонентам
Қалай Tele2 абоненті болуға болады?

Егер Сіз Tele2 абоненті болғыңыз келсе, қалаңыздағы Tele2 байланыс салондарынан, біздің ресми серіктестерімізден немесе Интернет-дүкеннен нөмір сатып алыңыз. Нөмірді 16 жасқа толған азамат өзінің жеке куәлігін көрсеткенде сатып ала алады.

Tele2 абоненті болу үшін қандай құжаттар қажет?

Жеке тұлға үшін:

  • Жеке басын куәландыратын құжат (ЖСН көрсетілген).

Заңды тұлға үшін:

  • БСН көрсетілген мемлекеттік тіркеу туралы Куәлік;
  • ҚҚС бойынша есепке қою туралы Куәлік (немесе компания ҚҚС төлеуші болып табылмайтындығын растайтын компаниядан хат);
  • Жарғы (1-ші және соңғы беттері);
  • Банктік деректемелері туралы ақпарат;
  • Басшыны тағайындау туралы жалғыз қатысушының шешімі (қатысушылардың жалпы жиналысының хаттамасы, бұйрық, өкім және т.б.);
  • Бірінші басшының жеке куәлігінің көшірмесі;
  • Егер басшы қол қою өкілдігін өкілетті тұлғаға берсе, онда өкілге берілген сенімхат және сенім білдірілген тұлғаның жеке куәлігі;

ЖК үшін (Жеке кәсіпкер):

  • Жеке кәсіпкерді тіркеу туралы куәлік, кейбір жағдайларда БСН көрсетілуімен;
  • ЖСН көрсетілген жеке кәсіпкердің жеке куәлігі;
  • ҚҚС бойынша есепке қою туралы куәлік (егер ЖК ҚҚС төлеуші болса);
  • Заңды тұлғаның есеп шотының күйі туралы банктің көшірмесі (абоненттік нөмір несиелік негізде рәсімделгенде ғана ұсынылады).
Мен басқа елдің азаматымын. Өзімнің төлқұжатым бойынша нөмірді тіркей аламын ба?

Иә, тіркей аласыз. Сізбен бірге өз еліңіздің төлқұжаты мен шетел азаматының Қазақстан Республикасында болуға / жүруге / тұруға құқығы барлығын растайтын құжаттардың бірі болуы керек.
Нөмірді жасы 18-ге жеткен азамат сатып ала алады.

Нөмірдің көшірмесін немесе менде бұрын болған нөмірге ұқсас нөмірді қалай сатып алуға болады?

Өзіңіздің нөміріңізге ұқсас немесе жаңа қызықты нөмірді оп-оңай таңдай аласыз! Ол үшін жеке басыңызды куәландыратын құжаттармен қалаңыздағы Tele2 байланыс салонына немесе дилерлік нүктеге келуіңіз қажет. Егер нөмір бос болса және қызмет үшін серия қолжетімді болса, Сіз нөмірді бірден сатып ала аласыз. Cool, Elite арнайы нөмірлерін қоспағанда, бастапқы жиынтықтың құны 400 теңгені құрайды. Silver, Golden санатты нөмірлерді тек Tele2 байланыс салондарынан сатып алуға болады.

«Нөмірді таңдау» қызметінің құны 100 теңге.

Нөмірді міндетті түрде тіркеу қажет екендігіне Сіздің назарыңызды аударамыз!

Сіздерде нөмірлер мен модемдерді жеткізу қызметі бар ма?

Иә, USB-модемдер мен/немесе нөмірлерді тапсырыс берген күнді санамағанда, екі жұмыс күн ішінде сағат 08:00-ден 18:00-ге дейін абонент көрсеткен мекенжайға тегін жеткізіледі. Жеткізілім тек қала ішінде ғана жүзеге асырылады.

Теңгерімді қалай тексеруге болады?

Теңгерімді тексеру үшін *111# USSD-командасын теріңіз,
не болмаса 530 қысқа нөміріне тегін қоңырау шалыңыз.

Пайдалы нөмірлер мен командалардың толық тізімі осы жерде

Өз нөмірімді қалай білуге болады?

Нөміріңізді білгіңіз келсе, *120# USSD-командасын теріңіз

Пайдалы нөмірлер мен командалардың толық тізімі осы жерде

Тарифтік жоспарымды қалай білуге болады?

Қолданыстағы тариф туралы ақпаратты алу үшін 504 қысқа нөміріне тегін қоңырау шалып, автохабарлаушы нұсқауларына жүгініңіз немесе *121# командасын теріңіз.

Пайдалы нөмірлер мен командалардың толық тізімі осы жерде

Нөмірдің маған тіркелгенін-тіркелмегенін қалай білуге болады?

Тіркеу деректерінің дұрыс-бұрыстығын Сіз Жеке кабинетіңізден тексере аласыз. Егер теркеуде қате деректер тапсаңыз, онда нөмірді қайта тіркеуіңіз керек. Оны екі тәсілмен жүзеге асыра аласыз:

a. Нөмірді жақын жердегі Tele2 байланыс салонында қайта тіркеуге болады. Ол үшін тіркеу формасын толтырып, жеке басыңызды куәландыратын құжатпен қоса салон қызметкеріне ұсынуыңыз керек.

б. Қайта тіркеуге өтінішті үйіңізден шықпай, онлайн жібере аласыз. Ол үшін Tele2 сайтындағы «Тіркеуге алдын ала сұраныс» бетін ашуыңыз керек, онда электронды тіркеу формасын толтырып, жеке басыңызды куәландыратын құжаттың скан-көшірмесін (немесе екі жағы да жақсы сапада түсірілген фотоны) тіркеп, "жіберу" пернесін басыңыз.

Бұл нысан абоненттік нөмірді тіркеу және (немесе) қайта тіркеуге алдын ала сұраным болып табылады. Тіркеуді тәмамдау үшін тіркеу формасының түпнұсқасына қол қою үшін жақын жердегі Tele2 байланыс салонына хабарласуыңыз керек.