SIM-картаны қалпына келтіру

Мәңгілік нөмір

Егер SIM-карта жоғалған немесе кездейсоқ зақымданған болса, Сіз осы телефон нөміріңізді , тарифтік жоспарыңызды және дербес шотыңыздағы теңгеріміңізді сақтап қалып, жаңасын ала аласыз. Ол үшін жақын жердегі Tele2 байланыс салонына немесе біздің серіктестерге хабарласыңыздар. Жақын жердегі кеңсенің мекенжайы осы жерде. SIM-картаны ауыстыру қазметі тегін.

Sim-картаны жоғалтқан жағдайда, Tele2 ұялы нөмірлерінен 611-ге қоңырау шалыңыздар да, төлқұжаттық деректеріңізді атаңыздар. Сіздің ұялы нөміріңізді біреу пайдаланбас үшін біз Сіздің sim-картаңызға бұғат қоямыз.