Корпоративті клиенттерге
Қызметтер
Өзіне қызмет көрсетуКорпоративті клиенттерге арналған Жеке кабинет
Сұрағың бар ма?
Бизнес клиенттерді қолдау орталығына хабарласыңыз
Корпоративті клиенттерге арналған Жеке кабинет
Корпоративті клиенттерге арналған Жеке кабинет (АӨҚКИЖ – Абонентке Өзіне Қызмет Көрсетудің Корпоративті Интернет Жүйесі) Клиент-Компаниясының байланыс тұлғасына дербес шоттар туралы жедел ақпарат алуға және корпоративті топты тиімді басқаруға мүмкіндік береді, атап айтқанда:
- Дербес шоттардың теңгерімдерін білу;
- Қосылған қызметтер мен олардың бағалары туралы ақпарат алу;
- Есептелген төлемдерді көру;
- Қызметтерді қосу немесе өшіру,
- Шот-фактураның көшірмесін алу;
- Қоңыраулардың детализациясын алу;
- Нөмірлерге бұғат қою;
- Қандай тарифтік жоспарлар қосылғанын білу;
- Парольді өзгерту.
Қызметтің құны:
Бұл қызмет тегін ұсынылады. Абоненттік төлем алынбайды.
Қызметті қосу:
Қосу үшін келесілер қажет:
- Корпоративті Клиентке Қызмет көрсететін сервис-менеджермен байланысу немесе толтырылған өтініш пен қосымша келісімді corpUBRATJkz@tele2.com –ға жіберу керек;
- Қосымша Келісімге қол қою және қызметті қосу өтінімінің үлгісін толтыру
- Корпоративті топтың администраторын тағайындау. Клиент- компаниясының маманы Корпоративті Клиенттерге арналған жеке кабинеттің администраторы бола алады.
Назар аударыңыздар! Жеке тұлғаларға тіркелген корпоративті топтың нөмірлерін басқару үшін олардаң нотариалды расталған сенімхатты ұсыну керек.